17:09, 02 Сәуір 2021 | GMT +5
Алматы орталығындағы дөнер дүңгіршегі төртінші рет сүрілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматы орталығындағы дөнер дүңгіршегі төртінші рет сүрілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Абай және Масаншы көшелерінің қиылысындағы «Алматы донер» дүңгіршегі осымен төртінші рет сүрілді.
«2016 жылы сот құрылысты заңсыз деп таныған. Соған қарамастан нысан иесі бизнесін жалғастыруын қоймайды. Дүңгіршек төртінші рет құрылыстың әртүрлі кезеңінде сүріліп отыр. Бір күн бұрын металл қаңқасы орнатылып жатқанда жұмыстары тоқтатылды», - деп хабарлады қала құрылысын бақылау басқармасының баспасөз қызметі.
Кеше Гоголь көшесі № 169 мекенжайында орналасқан танымал кафенің жазғы террасасын бұзу жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен жүргізілді.