13:47, 09 Қаңтар 2010 | GMT +5
«Алматы-Өскемен» трассасында дизель отыны қатып қалған автобустың 17 жолаушысы көшірілді
АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат - Жұма күні, қаңтардың 8-інде кешке «Алматы-Өскемен» трассасында дизель отыны қатып қалған автобустың 17 жолаушысы көшірілді,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Адамдар Қалбатау аулындағы ПЧ-55 бөлімшесінің акт залына жеткізілді. Автобустың иесі мен екі жүргізуші жылы жерге келіп, жан сақтаудан бас тартты.