Алматы полицейлері 375 оқушыны ұстады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ІІД «Мектеп» жедел-алдын алу шарасы барысында 3 баланың қаладағы ешбір білім беру жүйесіне тіркелмей және оқу бағдарламасынан тыс қалғанын анықтады. Сонымен қатар, тәртіп бұзған 375 оқышыны ұстаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қалада 3 баланың білім беру органдарына тіркелмегені, оқу бағдарламасына қатыспай жүргені анықталды. Білім беру мекемелерімен біріге отырып, балалар мектептерге орналастырылды, соныме қатар, мектеп формасы, аяқ киім мен оқу-құрал жабдықтары жағынан көмек көрсетілді»,- деді ІІД Жергілікті полиция қызметінің Ювеналды полиция бөлімі басшысы полковник Лейла Әліпбаева.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 12 қыркүйектен басталған «Мектеп» шарасы барысында кәмелет жасына жетпегендер тарапынан әртүрлі құқық бұзу фактілері тіркелген. Мәселен, 375 кәмелет жасқа толмаған білім алушы түрлі құқық бұзу фактісімен ІІБ жеткізілсе, оның 356-сы әкімшілік құқық бұзғаны үшін ұсталған. Қараусыз жүрген 19 бала анықталып, оның 17-сі Кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілген. 26 оқушы полиция тіркеуін алынып, 28 жауапкершілігі жоқ отбасы полицейлер назарына іліккен.

«Түнде ойын-сауық орталықтарында балалары ұсталған 154 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі мезгілде кәмелет жасқа толмағандарды көңіл көтеру орталығына кіргізгені үшін 7 ойын сауық мекемесінің басшыларына қатысты ҚР ӘҚК-нің 132-бабына сәйкес, әкімшілік іс хатталып, сотқа жолданды. Кәмелет жасқа толмағандарға темекі мен арақ сатқан 11 сауда нүктесі анықталды», - деді Л.Әліпбаева. 

Соңғы жаңалықтар