Алматы полицейлері спорттық самбодан қалалық спартакиада жеңімпаздары атанды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда спорттық самбодан қалалық кеңестің дәстүрлі жыл сайынғы спартакиадасы болып өтті.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл жарысқа Алматы гарнизоны атынан 9 команда қатысты. Олар: Алматы қалалық ІІД, ҚР ІІМ-нің оқу орталығы, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің академиясы, ҚР Ұлттық ұланы,  ҚР Мемлекеттік қорғаныс қызметі, Алматы қалалық ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» қызметі, Алматы қалалық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР ІІМ Алматы академиясы және ҚР ҰҚК Шекара қызметі.   

Спартакиадаға қатысқан балуандардың ішінде бір самбошы - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 19 самбошы - спорт шебері, 26 самбошы - әр түрлі жекпе-жектер бойынша спорт шеберлігіне кандидаттар және 14 адам - бірінші разрядты спортшылар. 

«Жарыс бір күнге созылды. Қызықты өтті. Самбошылар 57 келі салмақ дәрежесінен бастап, 100 келіден астам салмақ дәрежесіне дейінгі аралықта өнер көрсетті. «Динамо» спорт қоғамының өкілдері төрешілік етті. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің командасы бірінші орынды жеңіп алды. ҚР ІІМ оқу орталығы екінші орынға ие болса, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің академиясы үшінші орынға тұрақтады», - деді Алматы қалалық ІІД Кадрлық жұмыстар басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ораз Жолдасов. 

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, департамент атынан сайыстарға мына самбошылар шықты:

57 келі, Сайлаубек Медет - 1-ші орын;

62 келі, Шолпанбеков Айбек - 1-ші орын;

82 келі, Тұрсынғазы Ардақ - 1-ші орын;

90 келі, Есдәулетов Райымбек - 1-ші орын, Бөрібеков Фаизхан - 2-ші орын;

100 келі, Нұрахметов Еркебұлан - 1-ші орын;

100 келіден жоғары, Сатқынов Алмас - 2-ші орын.
2 3 4  

Соңғы жаңалықтар
telegram