Алматы полицейлері жастарға есірткімен күресте нағыз дос қандай болуы керек екенін айтты (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Ішкі Істер Департаментінің қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандар арасында нашақорлықпен күрес бойынша арнайы дәріс өткізді. Бұл туралы бүгін Алматы қ. ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Дәріс Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінде ұйымдастырылды.
None
None

«Бұл аудитория бекерге таңдап алынған жоқ. Өйткені, жасөспірімдер осы бір жат қылықтарға бейім келеді. Бұған ғаламтор желісі де әсер етіп жатыр. Жастар сағаттап әлеуметтік желіде отырады. Оның үстіне ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге уақыттары жете бермейді. Сонда, өзімен-өзі қалған жасөспірімдер бір сәтсіздікке ұшыраған шақта, осындайда қасынан табыла кететін ниеті бұзық ересектердің сөзіне еріп, есірткіге қол созуы мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдайда балаларымыздың қасынан табыла білуіміз керек», - деді Алматы қаласы ІІД Әкімшілік полициясының Ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ләйлә Әліпбаева.

Аталған оқу орнының актілік залы жастарға лық толды. Олар кезінде теріс жолға түсіп, тағдыр тәлкегіне ұшыраған басқа да қатарластары жөнінде жан түршігерлік әңгімелер естіді. «Нағыз дос басыңа іс түскенде оны «ұмыттырудың» сұрқия жолын ұсынбайды, нағыз дос қолыңда шылым көрсе жұлып алып, лақтырып тастайды. Сондықтан, біз жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырамыз», - деді Алматы қаласы ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Азамат Садыров.

Сонымен қатар, әңгімелесу барысында полиция қызметкерлері колледж студенттеріне өздерін зорлық-зомбылық әрекеттерден қорғану жолдарын түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар