Алматы полициясы алаяқтардан зардап шеккендерді іздестіруде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы алаяқтықпен айналысқан бірнеше адамның әрекетінен жәбірленгендерді іздеп, төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.   

Алматы полициясы алаяқтардан зардап шеккендерді іздестіруде

null
1. В. Пак 1979 жылы туған. Алдау, адамдардың сеніміне кіре отырып, қаржысы мен мүлкін иемденіп алған. Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлері алаяқтық бірқатар қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған.

Байланыс телефоны: 254-46-00 және 254-46-01

null
2. С.Маямеров. 1980 жылы туған.  Алдау, адамдардың сеніміне кіре отырып, қаржысы мен мүлкін иемденіп алған. Бостандық ауданының ІІБ қызметкерлері алаяқтық қылмыстар жасады деген күдікпен ұстаған. Байланыс телефоны: 254-47-00 және 254-47-01. Аталаған адам зейнеткерлерді лотерея билеттеріне қызықтыра отырып алдаған.

null
3. А. Белгібай. 1972 жылы туған. Алдау, адамдардың сеніміне кіре отырып қаржысын иемденген. Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмыстық іспен күрес басқармасы тарапынан бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған. Ол мемлекеттен жер телімін алып беремін деп алдап, ақша алған. Байланыс телефоны: 8-707-355-53-63

null
4. О.Михайлова. 1988 жылы туған. Алдау, адамдардың сеніміне кіре отырып, қаржысы мен мүлкін иемденіп алған. Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлері алаяқтық бірқатар қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған. Бұл әйел көбіне балаларды алдаған. Ол тіл-көзден емдеп, бал ашамын деп ақша иемденген. Байланыс телефоны: 254-46-00 және 254-46-015. Р. Сетекова. 1966 жылы туған. Алдау, адамдардың сеніміне кіре отырып қаржысын иемденген. Бостандық ауданының ІІБ қызметкерлері алаяқтық қылмыстар жасады деген күдікпен ұстаған. Байланыс телефоны: 298-52-80 және 298-52-81.


null
6. А. Исабекова. 1958 жылы туған. Алдау, адамдардың сеніміне кіре отырып, қаржысы мен мүлкін иемденіп алған. Әуезов аудандық ІІБ қызметкерлері ұстаған. Ол жалған сауалнама жүргізу арқылы алаяқтық жасаған. Сонымен қатар, ол бұған дейін Алмалы ауданында қарақшылық жасағаны үшін іздеуде болған. Байланыс телефоны: 298-53-00 және 298-53-01.