Алматы полициясы параспортшының ақшасын ұрлаған алаяқтарды іздестіріп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Полиция алматылық параспортшының протез аяққа жинаған ақшасын ұрлаған алаяқтарды іздеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясы параспортшының ақшасын ұрлаған алаяқтарды іздестіріп жатыр

«Қазіргі уақытта бұл факті Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасында ҚРҚК 190-бабының 2-бөлігімен (алаяқтық) тергелуде. Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері тартылды. Тиісті жедел және арнайы шаралар жүріп жатыр», - деп хабарлады Алматы полициясының департаментінен.

Бұған дейін, параспортшы, үстел теннисінен спорт шебері алматылық Бақтыгүл Әлімбекованың алаяқтардың құрбаны болғаны туралы хабарланған болатын.