Алматы прокуратурасы 2008 жылы кәсіпкерлер құқығын қорғау бағытында 19 тексеріс жүргізді - қала прокуроры

АЛМАТЫ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қолдау мен қорғау бағытында кәсіпкерлерге ықпалы бар мемлекеттік органдарды тексерістерден өткізіп тұрады.
None
None
Бұл туралы бүгін Алматыдағы қалалық прокуратурада өткен отырыс барысында қала прокуроры Жақсылық Байтұқбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыс мемлекеттік органдармен дағдарысты ауыздықтау бағдарламасын жүзеге асыру, кәсіпкерлерді қолдау мәселелеріне арналды. Оның жұмысына 15-тен астам кәсіпкерлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырысты ашқан қала прокурорының айтуынша, кәсіпкерлерді қолдау бағытында жоғарыдағы органдарға тексерістермен қатар кәсіпкерлер қауымдастығымен тығыз байланыс орнатылған. Сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдау бағытында атқарылған жұмыстар www.prokuroralm.kz сайты арқылы құлақтандырып, жеке қабылдау күні өткізіліп отырады. Прокуратураның мәліметі бойынша Алматыда 86 мың кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Мораторий жарияланған уақыттан бері ел бюджетіне олардан 552 миллиард теңге түскен. Оның 43 пайызы, яғни 240 миллиарды шағын кәсіпкерлік нысандарының еншісінде. Қала прокурорының айтуынша, 2008 жылы кәсіпкерлер құқығын қорғау бағытында 19 прокурорлық тексерістер жүргізілген. Нәтижесінде 122 заң бұзушылық анықталып, 12 ескерту берілген, 55 жауапты қызметкер әкімшілік жауапқа тартылған.
Соңғы жаңалықтар