Алматы прокурорлары жарамдылық мерзімі өтіп кеткен Қытайдың азық-түліктерін сатқан кәсіпкерді анықтады

АЛМАТЫ. 6 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуратурасы тұтынушылар құқықтарын қорғау акциясы шеңберінде сауда нысандарындағы заң бұзған 17 кәсіпкерлік субъектілеріне 1 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар салды.
None
None

Онда қауіпті тауарлар, сапасыз тауарлар, тиісті сертификаттың болмауы, мерзімі өткен тауарларды іске асыру, бақылау-кассалық аппаратының болмауы, азық-түлікті өндіру және іске асыру медициналық куәландыру, санитарлық кітаптары жоқ азаматтардың жұмыс істеуі және т.б. жайттар анықталды. Мәселен, тауық рулеттерін дайындау мен өткізу қызметін жүзеге асыратын «ПИР» ЖК қызметін көрсетуге болады. Онда кең тұтыну тауары антисанитарлық жағдайларда өндіріліп, цехтың ішіндегі жайда жұмысшы-шетел азаматтары тұрып келген. Ал Қытайдың азық-түлік тағамдарын сатумен айналысатан «Хуан Цзе» ЖК Қазақстанның барлық заңдарында көрсетілген ұйғарымдарды өрескел бұзып, кәсіпкерлікпен айналысқан. Тұтынушы сатып алған тауар бойынша мәлімет пен жарамдылық мерзімі белгісіз тауардағы барлық ақпараттар қытай тілінде жазылған, сондай-ақ тексеру нәтижесінде 1 жылдан астам жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік тауарлар анықталды.

Балаларға арналған ойыншықтарды сату да үлкен үрей туғызады. Тексеру шеңбері бойынша 14 кәсіпкердің қызметі тексерілді, нәтижесінде тікелей баланың денсаулығына зиян келтіретін және қауіпті ойыншықтардың сатылуы анықталды. Мысалы, «Prime Trans Logistic» ЖШС заңды бұза отырып жалпы соммасы 21 275 315 теңге құрайтын 250-ден астам атаулы 350 796 дана ойыншықтарды сатқан.

Соңғы жаңалықтар