Алматы прокурорының орынбасары ауысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы прокуратурасында кадрлық тағайындау болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«ҚР Бас прокурорының 2017 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен Берік Абызбайұлы Адамов Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін уақытша орындаушы болып тағайындалды», - деді қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Берік Адамов 1983 жылы Павлодар облысында туған. Қазақ Гуманитарлық-заң университетін, РФ Бас прокуратурасы Академиясын тәмамдаған. Осыған дейін Павлодар қаласы прокурорының  көмекшісі, Астана қаласы Алматы аудандық прокурорының аға көмекшісі, Астана прокуратура басқармасының прокуроры, ҚР Бас прокуратурасы департаментінің Бірінші бөлімінде  прокурор, Екібастұз қаласының прокуроры қызметтерін атқарған.

Мәлім болғандай, бұған дейін аталмыш лауазымды атқарған Жандос Өмірәлиев ҚР Бас прокуратурасы аппараты жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды.

 

 

Соңғы жаңалықтар