«Almaty Resort» шипажайы: дертке – дауа, жанға – шипа

Шипажай
Фото: Александр Павский/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Адам денсаулығын жақсартуда шипажайлардың үлесі мол, дертке шипа минералды суының айрықша маңызы зор. Жаңа мүмкіндіктермен, жаңаша лепте жұмыс істейтін Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты «Almaty Resort» шипажайы елдегі танымал демалыс орындарының бірі. Қонақтарға еуропалық стандарттар бойынша қызмет көрсететін санаторий жұмысымен Кazinform агенттігінің тілшілері де танысып қайтты.

«Біз әрбір пациенттің жеке талаптары мен медициналық көрсеткіштерін толық ескеріп, тиімді оңалту және емдеу-сауықтыру бағдарламаларын ұсынамыз. Өйткені, емдеу процесіндегі қамқорлық пен жеке көзқарас — біздің медициналық және санаторий-курорттық қызметтеріміздің басты артықшылығы. Шипажай 135 орынға арналаған. Жылына 11500 адам келіп демалып кетеді. Оның ішінде 45 пайызы ақылы, 50 пайызы жолдамамен келетін мемлекеттік қызметкерлер және 5-10 проценті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен (МӘМС) келеді», — деп атап өтті ол.

«Almaty Resort» шипажайы — «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» акционерлік қоғамының филиалы. Ол әлемдік стандартқа сай, ең озық заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Курорт Алматыдан үш шақырым жерде, Іле Алатауының етегінде, теңіз деңгейінен 1 052 метр биіктікте орналасқан. Оның жалпы ауданы 21 гектар. Санаторийдің басты ерекшеліктерінің бірі — оның минералды суы. Ол 3 000 метр тереңдіктен алынады. Одан шыққан судың температурасы — 42 градус. Кейін ол арнайы қоймада сақталады және ванна бөлмелеріне 36 градус жылы температурамен беріледі.

Алматы ресорт
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Жеке ұңғымадан алынатын минералды су. Минералды судың құрамында йод, фтор, бром, марганец, кремний қышқылы сияқты маңызды микроэлементтер бар. Д. И. Менделеев кестесіндегі барлық элементтер бар деуге болады. Су ас қорыту жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының және басқа да органдардың дерттерін емдеуде таптырмас шипа. Сонымен қатар, ол түрлі процедураларға, яғни минералды ванна, гинекологиялық, ішек және ауыз қуысының аурулары мен ингаляция үшін қолданылады. Минералды суды пайдаланудан басқа, мұнда балшықпен емдеу процедуралары бар. Біз келушілердің диагнозына қарай тағайындаймыз. Күніне үш рет ішу ұсынылады. Тамаққа дейін немесе тамақтан кейін жарты сағат өткен соң ішу керек. Бұл суды асықпай аз-аздан ішкен абзал», — деді директордың емдеу-оңалту жұмысы жөніндегі орынбасары Салтанат Бейсембаева.

Салтанат Бейссембаева
Фото: Александр Павский/Kazinform

Айтуынша, шипажайдың медициналық блогы үш қабатты ғимаратта орналасқан. Мұнда жоғары білікті дәрігерлер қонақтарға түрлі қызметтерді ұсынады. Әр пациенттің жеке талаптары мен медициналық көрсеткіштерін толық ескере отырып, тиімді оңалту және емдеу-сауықтыру бағдарламалары тағайындалады. Демалушылар косметология және эстетикалық медицина орталығының қызметтерін пайдалана алады. Бұған қоса, галокамерада (тұзды үңгір) болып, SPA орталығында күйзелістен арылу терапияларын ала алады.

«Ғимараттың бірінші қабатында ресепшн орналасқан. Мұнда сағат 10:30–дан 12:30–ға дейін барлық демалушыларға фитошәй және оттегі коктейлі ұсынылады. Фитошәй мен шөп шәй әртүрлі шөптерден жинақталып әзірленеді. Оның құрамында гүл және құрғақ жапырақтар, жеміс, өсімдік тұқымдары болады. Әлбетте, фитошәй дәрігердің нұсқауы бойынша жүрек-қантамырлары, тыныс алу органдары дертімен ауыратындарға қолданылады. Ол оңалту, медициналық-қалпына келтіру сияқты емдеу кешеніне кіреді», — деді дәрігер.

Шипажай
Фото: Александр Павский/Kazinform

Санаторий дәрігерлері пациенттің диагнозына сәйкес, емдеу жоспарын әзірлейді. Бұл жерде кардиологтар, терапевттер, невропатологтар, эндокринолог, диетолог, физиотерапевт, уролог, офтальмолог, стоматолог сияқты медицина мамандары жұмыс істейді. Жалпы, 96 адам медицина қызметкері еңбек етеді, оның 29-ы дәрігер, 49-ы орта, 18-і кіші медициналық персонал.

«Функционалдық диагностикаға келетін болсақ, бізде барлық органдардың, буындардың, жұмсақ тіндердің ультрадыбыстық зерттеуі, Холтер бойынша ЭКГ-нің тәуліктік мониторингі, кардиограмма, спирография жүргізіледі. Сондай-ақ, біздің зертхана барлық заманауи стандарттарға сай келеді. Біз серологиялық, биохимиялық, иммуноферменттік талдаулар (ИФА), check-up (чек ап) жасаймыз. Яғни, біздің кешеннен бүкіл зерттеулер мен кеңестерді алуға толық мүмкіндік бар», — деді Салтанат Бейсембаева.

«Almaty Resort» шипажайындағы физиотерапияны ерекше атап өтуге тұрарлық. Физиотерапия процедурасы көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылатынын көпшілік жақсы біледі. Санаторийдегі физиотерапия кешенді емдеу, ағзаны қалпына келтіруді жеделдету, көптеген дерттің алдын алу, көңіл-күйді жақсарту мақсатында кеңінен қолданылады. Мысалы, СМТ терапиясы (синусоидалы модуляцияланған ток), массаждың әр түрі: құрғақ гидромассаж, Каракалла ванналары, спа-капсуласы, механотерапия (осы терапияның арқасында бұлшықет, буын ауруларын емделеді, сонымен қатар науқастың физикалық жай-күйі жақсарады) және жалпы массаж.

Алматы ресорт
Фото: Александр Павский/Kazinform

Заманауи кешенді емдеу дәрі-дәрмектермен қатар, тиісінше дұрыс тамақтануды да қамтуы тиіс. Арнайы әзірленген диеталық тағамдар ағзаны тезірек қалпына келтіруге көмектеседі. Қант диабеті және семіздік сияқты кейбір ауруларда диета ұстану емнің негізгі әдісі саналады. Сондықтан санаторийдің диетологы әр демалушыға денсаулық жағдайына байланысты арнайы мәзір тағайындайды.

Қымыз
Фото: Александр Павский/Kazinform

Шипажайда үш мейрамхана бар. Олардың жұмыс кестесі мынадай: күн сайын сағат 09:00–ден 10:00–ге дейін — таңғы ас, 11:00–де — қымыз терапиясы, 13:00–ден 14:00–ге дейін — түскі ас, 16:00–де жеңіл тағамдар, 18:30–дан 19:30–ға дейін — кешкі ас. Бірнеше сағаттан кейін қонақтарға айран ұсынылады. 

«Біз қонақтарымызға ашыған қымыз береміз. Неге? Өйткені, адам түрлі ем-шарадан өткеннен кейін суықтап қалмауы тиіс. Денесін жылы ұстау керек. Қымыз ішкі ағзаны қыздырып тұрады. Сонымен қатар, ішін түрлі шлактар мен токсиндерден тазалайды. Ашыған қымыздың пайдасы мол», — дейді Кенже Нарбайұлы тамақтану бөлімінің әкімшісі.

Қазақы нақыш
Фото: Александр Павский/Kazinform

Шипажай Kazakh Nomad Resort тұжырымдамасын енгізді. Оның басты мақсаты — қазақ халқының бай мәдениетінің элементтерін, оның дәстүрлерін сервиске, тамақ мәзіріне, залдар мен бөлмелерді безендіру. Мысалы, санаторийде ұлттық стильде жабдықталған сенсорлық бөлме бар.

Гүлжанат Бұғыбаева
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Бұл адамның қабылдау, сезіну жүйелерін дамытуға арналған құрылғылармен жабдықталған арнайы бөлме. Мұнда жасалған жағдай психикалық және моральдық тыныштықта отырып, адамның өз-өзімен және басқалармен үйлесімдікте болуына, жүйке жүйесін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл біздің емдеу бағдарламамызға кіреді. Демалушылар мұнда кіргенде елдің әсем жерлеріне саяхат жасағандай болады. Бөлме демалуға, тыныштықта жатуға және өз мәселелерін ұмытуға арналған. Адамдар мұнда көп уақыт өткізгісі келеді, бірақ сеанс уақыты 15-30 минут», — дейді шипажай директоры Гүлжанат Бұғыбаева. 

Мұнда кешенді емдеу 10 күн жүргізіледі, бір адамға шаққандағы құны күніне 39 мың теңгеден басталады. Бұл сомаға стандарт санатындағы екі орынға арналған бөлме, күніне бес рет тамақтану, кешенді емдеу, бассейн кіреді. Шипажайдың тұрақты келушілері бар. Солардың бірі профессор, дипломатиялық қызметтің ардагері Қайрат Исағалиев.

Қайрат Исағалиев
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Бұл шипажайды қалыптасқан кезінен бері білемін. Оны Дінмұхамед Қонаев құрғаны баршаға аян. Қолданысқа берілгеніне 60 жылдан асты. Бұл аз уақыт емес. Яғни, мұның өміршеңдігі оның орналасқан жері мен көрсететін қызметіне байланысты. Біз жыл сайын жұбайымызбен бірге емделуге және демалуға келеміз. Ерекше демалыс орны. Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес, өз көзіңмен көріп, суын ішіп, саф ауасымен демалу қажет», — дейді Қайрат Исағалиев.

Санаторий басшысы Гүлжанат Бұғыбаеваның сөзінше, қазір мұнда барлығы 300-ден астам адам қызмет етеді. 

Шипажай
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Біз әрбір пациенттің жеке талаптары мен медициналық көрсеткіштерін толық ескеріп, тиімді оңалту және емдеу-сауықтыру бағдарламаларын ұсынамыз. Өйткені, емдеу процесіндегі қамқорлық пен жеке көзқарас — біздің медициналық және санаторий-курорттық қызметтеріміздің басты артықшылығы. Шипажай 135 орынға арналаған. Жылына 11500 адам келіп демалып кетеді. Оның ішінде 45 пайызы ақылы, 50 пайызы жолдамамен келетін мемлекеттік қызметкерлер және 5-10 проценті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен (МӘМС) келеді», - деп атап өтті ол.

Шипажай
Фото: Александр Павский/Kazinform
Шипажай
Фото: Александр Павский/Kazinform
Шипажай
Фото: Александр Павский/Kazinform
Шипажай
Фото: Александр Павский/Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский/Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский/Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский/Kazinform
Соңғы жаңалықтар