«Алматы-Саратов» пойызынан билеті жоқ 6 жолаушы анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстық көліктік бақылау инспекциясы және желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, тексеріс жүргізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Алматы-Саратов» пойызынан билеті жоқ 6 жолаушы анықталды

Рейд алыпсатарлар мен билетсіз жүру мүмкіндіктерін жойып, адами фактор әсерін болдырмайтын блоктар жүйесін құруға бағытталған «Адал жол» жобасы аясында ұйымдастырылды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойызының 3 жолсерігі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 623-бабы 4-тармағына сәйкес, олардың әрқайсысына 2,5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ тиісті құжатсыз 170 килограмм қосымша жүк тасымалдағаны анықталды. Қазіргі уақытта жолсеріктерге қатысты шара қабылдау туралы хат «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» аймақтық филиалына жолданған», - дейді облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Нұртөре Қалдыбаев.

null null

Жүргізіліп жатқан рейд тұрақты түрде жыл соңына дейін жалғасады.