Алматы саябағында ер адамның мәйіті табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қаланың саябақтарының бірінен  ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы саябағында ер адамның мәйіті табылды

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза болған ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

Алдын ала нұсқа бойынша, ол жүрек талмасынан қайтыс болған. Бірақ бұл нұсқа тиісті сараптамалардан соң расталуы тиіс.

Полицияның хабарлауынша,  марқұмның тұрғылықты мекен жайы болмаған.

Тастан Жанатұлы