Алматы сейсмологтері арасына 20 минуттай салып, 2 рет жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі 30 маусым күні Алматы уақытымен сағат 16:33-те және 16:50-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы сейсмологтері арасына 20 минуттай салып, 2 рет жер сілкінісін тіркеді
Фото: earninginmotion.com

Алғашқы тіркелген жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 464 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.1. MPV магнитудасы – 4.7. Тереңдігі – 35 км. Эпиошақ координаттары – 43.50° с.е. 82.62° ш.б.

Ал, екінші жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 582 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.3. MPV магнитудасы – 4.7. Тереңдігі – 65 км. Эпиошақ координаттары – 38.82° с.е. 73.14° ш.б.

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.