09:45, 26 Мамыр 2015 | GMT +5
Алматы театрында ерлі-зайыпты әртістер М. Шынтаев пен Г. Шәріпованың өлі денесі табылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы театрдың гример бөлмесінде ерлі-зайыпты әртістердің өлі денесі табылды. Қайғылы жағдайдың жай-жапсары белгісіз. Бұл ақпаратты театрдың баспасөз хатшысы Майя Әділхан растады.

Бүгін Алматы облысында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жасөспірімдер және балалар театрының ұжымы Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салып жатыр.
Қайғылы жағдай өзара дау-жанжалдан шығуы мүмкін. Алдымен ері әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салуы мүмкін дейді.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өнерлі жұптың артында 2 баласы қалған.
ҚР «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Шынтаев Мұхитдин Сламақынұлы қазақстандықтарға «Жедел жәрдем-2» сериалы арқылы таныс.