Алматы тұрғынынан 24 келі марихуана табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғыны үйінің ауласында марихуана өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Қарасора» республикалық іс-шарасы аясында Медеу ауданындағы үйлердің бірінде 57 жастағы азамат ұсталды.

«Рұқсат етілген тінту кезінде күдіктінің үйінен жалпы салмағы 24 келіден астам марихуана есірткісі табылып, тәркіленді. Сондай-ақ үйдің іргесіндегі аумақтан өзі өсірген 6 түп қарасора табылды», – дейді Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мәулен Қасымжан.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) сәйкес қосымша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатыр.

Айта кетейік, бүгін полицейлер Павлодарда зейнеткерден 33 келі марихуана мен 3,3 келі гашиш тапқан болатын.

Қазақстанда жыл басынан есірткі саудасына қатысты 4,2 мың қылмыс тіркелді.


Фото: polisia.kz





Соңғы жаңалықтар
telegram