Алматы және Қазан қалаларында сауда өкілдіктерінің бөлімшелері ашылады
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.
Заңға сәйкес, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда өкілдіктерінің бөлімшелері Алматы (Қазақстан) және Қазан (Татарстан) қалаларында ашылатын болады. Бұл келісімге 2007 жылғы 10 мамырда Астанада қол қойылған болатын.
Келісімнің негізгі міндеті Қазақстан мен Ресей сауда институттарының мемлекетаралық жүйелерінің сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау болып табылады. «Ресей тарапы осыған орай мемлекетішілік рәсімдердің барлығын өткізді», - дейді Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайынов.
Оның айтуынша, келісім Ресей аумағында қазақстандық бизнестің мүдделерін жылжытуды және қорғауды жақсартады.