Алматы - жастардың көшіп қонуы үшін тартымды қала

АЛМАТЫ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Қазақстандағы жастардың ішкі көші-қоны: Алматы қаласының мысалында» атты зерттеудің тұсаукесері өтті. Оны Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) 2012 жылы Қоғамдық мәселелерді талдау орталығымен бірлесіп жүргізген болатын.
None
None

«Зерттеу - кешенді мемлекеттік саясатты әзірлеуге келешекте негіз болатын Қазақстандағы жастардың ішкі көші-қон үдерістері мен құрамы туралы эмперикалық мәліметтерді талдауға және жинауға негізделген. Ол үшін Қоғамдық проблемаларды талдау орталығымен арнайы әдістеме әзірленіп, 14 пен 29 жас аралығындағы Алматы қаласының 1000 жас көшіп-қонушыларынан сауалнама алынды. Зерттеу нәтижесі Алматының жас көшіп қонушылар үшін тартымды қала екенін, алайда үй алу, жұмысқа тұру және білім алу мәселелерінде қиындықтар көп екенін көрсетті», - дейді Сорос Қазақстан қоры «Жастар бастамасы» бағдарламасының үйлестірушісі Сауле Мейірманова. Онгың сөзіне қарағанда, тіркеу құжаттарының жоқтығынан жас көшіп-қонушылар жұмыссыздар ретінде тіркеле алмайды. Жұмысқа орналасқан респонденттердің 30,8 пайызы келісімшарт бойынша ресми түрде (жалпы іріктеменің 20,3%-ы) рәсімделген және жұмыс беруші оларға ай сайын зейнетақы жинақтау қорына ерікті аударымдарды жүргізіп отырады. Жас көшіп-қонушылардың әлеуметтік белсенділігі олардың саяси белсенділігіне қарағанда жоғары. Сонымен қатар қоғамның әлеуметтік капиталын көрсететін сенім білдіру деңгейі өте төмен. Респонденттердің тек 21,6 пайызы ғана басқа адамдарға сенуге болады деп санайды. Зерттеушілердің пайымдауынша, сенім білдіру деңгейінің төмен болуы елдің бұдан арғы дамуын шектеп отырған фактор болып табылады. Билік пен азаматтық қоғам институттарына сенім білдіру деңгейі де жоғары болмауда. Жас көшіп-қонушылардың көбісі діни ұйымдарға (57,9%), кәсіподақтарға (10,8%), саяси партияларға (19%), полицияға (20,7%) және ірі компанияларға (21%) сенеді. Респонденттердің небәрі үштен бірі ғана Үкіметке және небәрі төрттен бірі Парламентке, жергілікті билік органдарына, соттарға сенеді.

Соңғы жаңалықтар