11:27, 02 Сәуір 2016 | GMT +5
Алматы жолаушылары Атырау әуежайында Ақтауға рейстің ұшуын 10 сағаттан артық күтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы жолаушылары Атырау әуежайында Ақтауға рейстің ұшуын 10 сағаттан артық күтті.

Алматы-Ақтау 859-ші рейсі (Эйр Астана) Алматыдан 1 сәуірде сағат 22.07-де ұшып, Ақтауға жергілікті уақыт бойынша 23:50-де қонуы тиіс болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығы салдарынан ұшақ Атырауға қонды.
Ақтау әуежайының онлайн-таблосында рейстің ұшып келуі 11:30-да болады деп күтілуде.