Алматы жолдары жаңа технологиямен жөнделіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда автожолдарға ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу сапасын жақсарту және қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жаңа технология қолданылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, қаланың магистральды көшелері полимерлі битумдағы жаңа асфальтбетон қоспасын пайдаланып жөнделуде. Жаңа материал берік және жолдарда ойықтардың пайда болуына жол бермейді.

«Индортех» ғылыми-зерттеу және білім беру орталығының зерттеу және жаңа технологиялар департаментінің директоры Ғалия Ысмайылованың айтуынша, битумның сапасы жылдан жылға нашарлай түсуде. Бұл үрдіс тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде. Асфальтбетондағы битум функциясын желіммен салыстыруға болады. Сондықтан Алматыда жабысқақ қасиеттерін жақсарту үшін пилоттық форматта асфальтбетон құрамындағы полимерлер қолданыла бастады.

Сарапшының сөзінше, аптап ыстықта Алматыдағы асфальтбетон 60-63°С дейін қызады, ал битум 47-50°С температурада жұмсарады.

«Жаңа полимер әдісі қаланың 15 магистральды көшесінде әл-Фараби, Тілендиев, Байзақов, Абай, Тұрғұт Озал, Саин, Төле би, Шаляпин, Манас, Қалдаяқов, Құрманғазы, Жұмалиев, Шагабутдинов, Досмұхамедов, Түркебаев қолданылды.

«Жалпы ұзындығы 44 км болатын бұл магистральды көшелер 2008 жылдан 2015 жылға дейін жөнделді. Жалпыұлттық регламентке сәйкес Алматы қаласының (IV) жол-климаттық аймағын ескере отырып, орташа жөндеудің жөндеу аралық қызмет мерзімі 5 жылды құрайды. Сонымен қатар, жаңа әдістің арқасында тозуға төзімділіктің артуы күтілуде 8-10 жылға дейін арттыруға мүмкіндік береді»,- дейді сарапшы.

Айтуынша, полимерасфальтбетонды қалалық жылдамдықты және магистральдық көшелерде жабынның жоғарғы және төменгі қабаттарында қолдану керек. Қоспаны тығыздау қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін, әсіресе жолаушылар көлігі көп жүретін учаскелерде жол жабынының жеткілікті жоғары сипаттамаларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Басқаша айтқанда, полимер магистральдық көшелерде қозғалыс қарқындылығына байланысты қолданылады.

BASF неміс концернінің асфальтбетон және битум бағытының директоры Марио Сандор полимердің кемшіліктері деп аталатындардың арасында жөндеуге байланысты қаланың ірі «артерияларын» ұзақ мерзімге жабу екенін айтты. Асфальт төсеу жылдың ыстық кезеңінде жасалатынын ескере отырып, полимерлі қоспалар үшін беріктік жинау уақыты орта есеппен 36 сағатты құрайды.

«Мұның өз қажеттілігі бар. Еуропалық тәжірибе көрсеткендей: асфальтбетон жабыны тұрақты және жақсы нәтиже көрсетуі үшін жол бойындағы көлік қозғалысын жабу қажет. Содан кейін асфальтбетон жабыны қасиеттерін бекіту үшін салқындатылады. Біз, әрине, жолды ертерек ашып, оған көлік жүргізе аламыз, бірақ содан кейін асфальттың ұзақ мерзімді қызметі үшін қажет қасиеттер сақталмайды», - деп түсіндіреді Марио Сандор.

Сонымен, полимер асфальтбетон төсеу кезінде оның температурасы 150-160 градус. Тығыздағаннан кейін қоспасы 130-140 градусқа дейін салқындатылады. Қажетті беріктікке жету үшін қоспаны 40 градусқа дейін салқындату керек.

Алматы әкімдігі азаматтардан жолдардағы мәжбүрлі уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар