Алматы жұртшылығы Қажымқан Мәсімовті ақтық сапарға шығарып салды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жұртшылығы қоғам қайраткері, Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіптік палатасының төрағасы Қажымқан Мәсімовті бақилық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоштасу рәсімі ҚР Ғылым академиясы ғимаратында өтті. Қаралы жиынға Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Қайрат Келімбетов, Ғани Қасымов қатысты.

Қала әкімі Бауыржан Байбек ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.

«Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Әкеңіздің мезгілсіз дүниеден қайтуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын. Ол кісі кәсіпкерлік қызметпен айналысып, Қазақстан экономикасына өлшеусіз үлес қосты. Ол бар білімін елінің бақуатты болуына арнады. Топырағы торқа болсын!», - деп жазылған Елбасы жеделхатында.
null

Одан бөлек, жиналған халық алдында белгілі ғалым Мұрат Жұрынов, мемлекет қайраткері Қанат Саудабаев, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко сөз сөйледі. Сонымен қатар, Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, облыс әкімдері мен Түркия үкіметінің өкілдері көңіл айтты.
null

Айта кету керек, Қажымқан Мәсімов 80 жасқа қараған шағында көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар