Алматы жылыту маусымына 88%-ға дайын

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы жылыту маусымына 88%-ға дайын. Бұл туралы қалалық Энергетикалық тиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаладағы тұрғын үйлер, денсаулық сақтау, білім беру нысандарының дайындығы 88%-ға жетті. Ал электр желілерінің дайындығы 82%, ал газ желілері 100%-ға дайын», - деді басқарма басшысы Әсет Масабаев.

Оның айтуынша, 20 қыркүйекке дейін жылу желілеріндегі гидравликалық сынақтар аяқталады.

Осы уақытқа дейін алматылықтардың коммуналдық қызметтерге қарызы 4,5 млрд теңгеге жеткен.



Соңғы жаңалықтар