Алматы зообағына Италиядан сиаманг тұқымды маймыл әкелінді (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағына Италияның Неаполь зообағынан сиаманг тұқымды маймыл әкелінді. Лола есімді ұрғашы маймылдың жасы 8-де. Жануар бір ай бойы карантин бөлімінде жатты.
None
None

Үйреніскен соң оны 9 жыл бұрын Котсфолдтан әкелінген Малуку есімді маймылмен қосады.

«Лола қазір жаңа мекенге үйреніп қалды. Салмақ қосып келеді. Қазір зообақ қызметкерлерімен ойнай бастады. Карантиннен кейін ол тордың ішінде тура бір оңтүстік Азияның джунглиінде жүргендей ерсілі-қарсылы жүгіріп жүр. Неаполь мамандары бұл маймылдың мінезі өте қияңқы екенін айтқан. Бірақ бөлімнің меңгерушісі Шолпан Әбдібекова маймылмен достасып кетті», - деді баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов.

Мамандардың айтуынша, бұл приматтар бөліміне әкелінген 6-шы маймыл.

Соңғы жаңалықтар