17:43, 11 Тамыз 2015 | GMT +5
Алматы зообағында солақайлар мейрамы атап өтілді (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында солақайлар мейрамы атап өтілді. ЮНЕСКО-ның бастамасымен бұл мереке 1984 жылдан бері 13 тамызда аталып өтіледі.
Алматы зообағының ғылыми-әдістемелік бөлімі өткен қыстан бері солақай жануарларды анықтаумен айналысып жатыр.
Зообақ тұрғындарының ішінде ақ аю солақай болып шықты. Соған байланысты қалалық зообақ қызметкерлері оның торын ауыстырып, солақайға ыңғайлы етіп жасады. Ғалымдар барлық жануарлардың өмірін зерттеп, содан соң барып зообақ ішін реконструкциялау жұмысын бастауды шешті. Осы жұмысқа жас табиғат қорғаушылары да кірісті.
«Олардың ішінде тотықұс тағамды сол қолымен алды. Қоңыр аю да сол қолымен көбірек жұмыс жасайды екен. Қоқиқаз да сол аяғына тұрады. Осының бәрін бақылау өте қызық», - деді М.Сорокоумов.