Алматы зоологиялық паркі 80 жылдығын атап өтуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы зоологиялық парк өзінің 80 жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Осы күні келушілерге концерттік бағдарлама, түрлі көрмелер, шеберлік сыныптары, конкурстар, аңдарға ашық жем беру ұйымдастырылды. Кіре берісте балаларды түрлі аңдар костюмдерін киген  аниматорлар қарсы алуда.
null 

 Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек  80 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан зоологиялық парк ұжымы мен қалалықтарды құттықтады, Алматы зоологиялық паркінің еліміздегі ең көне парктердің бірі екенін, алғашқы келушілерін сонау 1937 жылы қарсы алғанын атап өтті.

Оның алғашқы экспозициялары  7 гектарға орналасқан еді, кейін біртіндеп аумағы ұлғая бастап, 22 гектарға дейін жетті, алғашқы жылдары коллекцияда небәрі аң мен жануарлардың  онға жуық түрі болса,  қазір мұнда олардың саны 4  мыңнан асады.
null 

«80 жылдың ішінде зоопарк алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтары үшін жиі келетін сүйікті  демалыс орнына айналды. Бізді  мұнда ата-анамыз алып келетін, біз бақытты едік. 30-40 жылдан соң Сіздердің балаларыңыз өздерінің балаларын алып келіп, мені ата- анам осында алып келген  еді дейтін болады.  Қазір мегаполисте ауқымды абаттандыру жұмыстары жүруде, онымен қаланың тарихи орталығының үштен бірі қамтылған, көшелер ғана  емес, үйлердің сыртқы келбеті де көріктенуде, жұмыс «қала адамдар үшін» принципі бойынша жүзеге асуда. Бұл оң істен зоопарк те сырт қалған жоқ. Оны жаңарту үшін неміс архитекторы Питер Разбахтың шеберлік- жоспары жасалды, кезінде ол Дюссельдорфтағы, Берлиндегі, Тегерандағы, Дубайдағы, Туриндегі зоопарктердің жобасын жасаған», - деді  Алматы қаласының әкімі.

 Ол жоба негізінде зоопарктің географиялық аймақ принципі бойынша  90%-ға жаңаратынын, құрылымы толық өзгеретінін, аңдарды ашық табиғатта  қоректіндіру принципінің жүзеге асатынын айтты.
null 

 Зоологиялық парк директоры Ержан Еркінбаев бүгінгі  күні мұнда аңдардың өліміне жол бермеу үшін нақтылы шаралардың жүргізіліп жатқанын, оларды  азықтандыру рационының қайта жасалғанын,  азық сапасының бақылауда екенін,вольерлердің қайта жасалғанын, жаппай абаттандыру жұмыстарының жүріп жатқанын айтты.

«Мысалы, ақ және гималай аюларының қазір кең  бассейндері бар,  шөбі мен ағашы бар аула пайда болды. Аквариум, амур тигрының орны жаңғыртылуда, экзотикалық құстар вольерлері жаңаруда. Осының барлығы әкімдіктің, бізге ниет  білдірген достарымыз бен демеушілердің қолдау арқасында  іске асты.Зоопаркті қаржыландыру да едәуір өсті.Егер  2016 жылы жергілікті бюджеттен 409 млн. теңге бөлінсе, биылғы қаржы 500 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар, зоопакртің өз табысы 300 млн теңге жуық, демеушілік көмек -  140 миллионнан астам. Зоопарктің  жақсы жаққа қарай өзгеруі келушілер қатарын да көбейтті, олардың қатары 20%-ға өсті», - деді Е.Еркінбаев.
null 

Алматы  әкімі зоопарк қызметкерлерін ескерткіш дипломдармен, сыйлықтармен марапаттады. Олардың кейбіреулері мұнда 20 жыл бойы жұмыс істеген екен, қиын  кезеңдерге қарамастан сүйікті істерін  тастамаған.

null null null null null null null null null null  null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар