Алматыда 1 мамырда орталық саябақ жабық болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Орталық мәдениет және демалыс саябағы 1 мамырда жабық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 1 мамырда орталық саябақ жабық болады

Саябақ санитарлық тазалық жүргізу үшін жабылып, зарарсыздандырылады.

«Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2021 жылдың 1 мамырында Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы санитарлық-дезинфекциялық тазалық үшін жабылатынын хабарлаймыз», - деп мәлім етті саябақ әкімшілігі.

Айта кетейік, мегаполисте 15 сәуірден бастап жасыл желектерді зиянкестерден биологиялық және химиялық әдістермен өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Сондай-ақ, Алматыдағы зираттар да 1-10 мамыр аралығында жабық болады.