Алматыда 100-ден астам компания Сенімділік рейтингіне енді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 100 астам компания Сенімділік рейтингіне енді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша салық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Компаниялардың сенімділігі бойынша рейтинг, салық төлеушілердің жылдық есеп-қисаптарының көрсеткіштеріне негізделген. Сондықтан, аталмыш мониторингке тек салық есептілігін ұсынатын заңды тұлғалар ғана қатысады. Қазіргі таңда сараптамаға 101 115 кәсіпорын енген. Олардың соңғы 3 жыл ішіндегі көрсеткіштері ескерілді.

Мұндай мониторингті жасаудағы басты мақсат - көлеңкелі экономика саласындағы кәсіпорындардың санын азайту. Мұндай базаны мемлекеттік сатып алулар кезінде қолдану және салық төлеушілерді салықтық мәдениетін көтеруге ынталандыру.

«Енді кәсіпкерлер керексіз тәуекелдерден құтылу үшін өздерінің контрагенттерінің сенімділігін осы рейтинг арқылы тексерулеріне тамаша мүмкіндік туды. Сонымен қатар, енді кәсіпорындар өздерінің көрсеткіштерін жақсарту жолында осы рейтингке енуге барынша ұмтылатындары сөзсіз» - делінген хабарламада.

Кәсіпорынның сенімділік деңгейін белгілеу үшін оның соңғы үш жыл ішіндегі қаржылық есептіліктерінің негізгі көрсеткіштері қолданылады. Олар: - Салық жүктемесі коэффициенті негізінде кәсіпорынның табыстылық деңгейі - Ресурспен қамтамасыз етілуі - жеткілікті материалдық-техникалық базасының болуы, жұмысшылардың саны және еңбек ақыны төлеу қорының көлемі, - Төлем тәртібін сақтау деңгейі - салықтық берешектің болуы және болмауы. Енді интернет қолданушылар www.nda.kz сайтына кіріп, тиісті салық төлеушінің жеке тіркеу нөмірін (СТН) немесе Бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) енгізу арқылы оның сенімділігін анықтай алады.

Соңғы жаңалықтар