Алматыда 11 адамға баспана әперемін деп тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

«Қарақожаева В. есімді азаматшаның мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана берумен айналысатын мемлекеттік органдарға еш қатысы жоқ. Алайда, солай бола тұра ол «мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алып беремін», - деп, бірқатар азаматтарды өзіне сендірген. Ол тұрғындар болса, баспана алуға үміт артып, алаяқ әйелге делдалдық көмегі үшін 2 мың доллар және одан да көп ақша берген. Қарақожаева В. адамдарды сендіру үшін олардың баспана алуға мүмкіндіктері бар екендігін растайтын жалған құжаттар (хабарламалар) көрсеткен. Қазіргі уақытта бір ғана біздің бөлімшеге 11 азамат Қарақожаеваның үстінен арыз берді. Алайда, жәбірленушілер бұдан да көп болуы мүмкін. Сондықтан, осы әйелдің алақтық әрекетінен зардап шеккендер бар болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз: 298-53-01 и 298-53-02. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Әуезов аудандық ІІБ бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құмарбек Кеншінбаев.