19:17, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматыда 131 атыс қаруы айналымнан алынды
АЛМАТЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда былтыр 131 атыс қаруы заңсыз айналымнан алынды. Бұл бүгін қалалық ішкі істер департаментінің 2008 жылғы жұмыс қорытындысына арналған алқалы жиынында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оның екеуі гранатомет, төртеуі автомат, он екісі гранат, жиырмасы шолақ мылтық. Бұдан басқа жиырма пистолет пен қолдан жасалған жиырма пистолет және мыңнан астам түрлі калибрлі патрондар. Сондай-ақ 187 газ және 296 травматикалық қару алынды», деді департамент басшысы Ерлан Тұрғымбаев. Оның айтуынша, қыркүйек айынан бастап тұрақты түрде жүргізілген «Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз қала», «Қару» және тағы басқа да сауықтыру шаралары қылмысты 13510-ға дейін азайтуға мүмкіндік берді. Жалпы қалада өткен жылы қылмыс өзгенің мүлкін ұрлауда 3 пайыз, іздестіру желісінде 4 пайыз, қоғамдық орындарда 4 пайызға кеміді. Ал бұзақылық 11 пайызға, пәтер ұрлығы 23 пайызға, көлікті айдап кету 25 пайызға, бопсалау 25 пайызға, ауыр дене жарақатын салу 28 пайызға азайып отыр.