Алматыда 139 архитектуралық нысанға жарық түсіргіш жүйе орнатылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әр түрлі архитектуралық әдіспен жасалған және тарихи құндылыққа ие 139 сәулет нысанына жарық түсіргіш жүйелер орнатылады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Түнгі уақытта жарықтандыру технологиясын қолданудағы басты мақсат - көмескі түрлі түсті жарық түсіру арқылы бетке ұстар нысандарды ерекше қырынан көрсету және Алматы қаласының туристік тартымдылығын арттыру.

Қазір ғимараттар мен ескерткіштерді және басқа да нысандарды жарықтандыру тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Кейін, қала құрылысы Кеңесінің талқысына беріледі.

Сонымен Астана алаңы мен Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінде, Орталық мешітте және Кафедралды шіркеуде жарық түсіргіш технология орнатылады.

Сондай-ақ, жарық жүйесі Мәңгілік алау, Офицерлер үйі, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Н. Сац атындағы театр, Ә. Қастеев атындағы ұлттық музей, ҚР ғылым академиясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Орталық стадион, Мұз айдыны, Цирк, «Балалар әлемі» дүкені, «Алматы» қонақ үйі, Заңғар, «City Center» сауда ойын-сауық орталығы, «Сайран» автовокзалы, Әуезов ауданының әкімдігі және басқа да нысандарға орнатылып, сол нысандардың архитектуралық ансамбілімен үйлестірілетін болады.

Алматыда көмескі жарық түсіру технологиясы бюджеттен тыс қаражат есебінен енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар