Алматыда 145 заңды және жеке тұлға экологиялық нормаларды бұзғаны үшін жауапқа тартылды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының Бостандық ауданында жыл басынан бері 18 заңды және 127 жеке тұлға экологиялық және санитарлық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматыда 145 заңды және жеке тұлға экологиялық нормаларды бұзғаны үшін жауапқа тартылды (ФОТО)

Бұл туралы бүгін Алматы қ. ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Ал өткен жылы осындай құқық бұзушылық әрекеттерге барған 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 12 миллион теңгедей айыппұл салынған болатын.

Кеше Бостандық аудандық ІІБ табиғатты қорғау бөлімінің полиция қызметкерлері кезекті экологиялық рейд жүргізді. Олар қоғамдық тамақтандыру мекемелері мен сауда нүктелерін аралап, қаланы абаттандыру ережелерінің қалай сақталып жатқандығын тексерді.

«Қазақфильм» ықшамауданында сыртқы қабырғасы жарнамадан көрінбейтін сауда үй көзге түсті. Бұл, қаланың эстетикалық келбетіне нұқсан келтіреді. Осы дерек бойынша, сауда үйінің иесіне әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылды. Сондай-ақ, жолдар, тротуарлар және аулаларды қар мен мұздан тазалау жұмыстарына да назар аударылды. Өкінішке қарай, жол маңында орналасқан кейбір мекемелердің жұмыскерлері тротуарларда қауіпті жағдай туғызады. Мысалы, дәріхананың еден жуушысы лас суды тротуарға төккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, санитарлық нормалар сақталмаған лас дәмхана анықталды. Онда қоймалық бөлмелер бірнеше айдан бері тазаланбаған. Қоғамдық тамақтандыру орындарында мұндай бассыздыққа жол беруге болмайды. Ал мұндай рейдтер тұрақты түрде жүргізіледі және қоршаған ортаны қорғауға, адамдардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді» - деді Бостандық аудандық ІІБ табиғатты қорғау полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Қуаныш Жайсаңбаев.

2
3
4
5
6