10:11, 22 Ақпан 2016 | GMT +5
Алматыда 15 әуе рейсі кешіктірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайында 8 рейс ұшырылмайтын және 6 рейс ұшып келмейтін болды, біреуі кешігіп жатыр.

Әуежай ақпаратынша, екі халықаралық рейс - Цюрих, Душанбе, сонымен қатар Ақтөбе, Қызылорда, Астана (3), Шымкентке рейстер ұшпайтын болды.
Қызылорда, Ақтөбе, Астаны (2), Душанбе, Шымкенттен рейс ұшып келмейтін болды. Сонымен қатар Өскеменнен бір рейс кешігіп жатыр.