Алматыда 18 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

Спикердің сөзінше, мегаполисте барлығы 919 мектепке дейінгі мекеме бар.
Оның 194 мемлекеттік, 725 жеке балабақша. Оған 79 600 бала барады.
«Бүгінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте 18 118 бала тұр.Осы мәселені шешу үшін биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6 255 орындық 80 балабақша, оның ішінде 5395 орындық 75 жекеменшік балабақша және 860 орындық 4 мемлекеттік балабақша ашу жоспарланған. Бүгінгі таңда 2 630 орындық 47 жаңа балабақша ашылды, оның ішінде 300 орындық мемлекеттік балабақша және 46 жекеменшік балабақша бар», - деді Ләззат Жылқыбаева.
Сондай-ақ биыл жекеменшік балабақшаларға жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша 5 000 орынға қаржы бөлінді.
«Қазір 3801 орынға жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Жалпы мемлекеттік білім тапсырысы 40 995 орынға 635 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда орналастырылған. Осы шаралардың нәтижесінде 3-6 жасар балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту – 93,5% құрады, жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланған»,- деді басқарма басшысы.
Бұдан басқа, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап балабақшада әлеуметтік осал топқа жататын отбасынан шыққан 5 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.