18:27, 30 Мамыр 2014 | GMT +5
Алматыда 2 гектардан астам жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының прокуратурасы мақсатсыз пайдаланылған 2 гектардан астам жер телімін мемлекет меншігіне қайтарып алды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Алматы қаласының ауданааралық мамандандырылған экономикалық соты Бостандық ауданы прокурорының «ТСS Құрылыс» ЖШС үстінен түсірген талап арызын қанағаттандырды. Онда Абай даңғылының оңтүстік беткейінде, Брусиловский көшесінің шығыс жағында орналасқан 2,2042 гектер жер телімінің мақсатсыз пайдаланылғандығы жайлы жазылған болатын. Жер телімі мемлекетке қайтарып алынды.
Қазіргі таңда сот шешімі заңды күшіне енді.