Алматыда 2 жолаушылар автобусы соғылып, бір адам зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі жолаушылар автобусы мен таксидің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 2 жолаушылар автобусы соғылып, бір  адам зардап шекті

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

«Төле би көшесінде екі автобус пен такси бір-біріне соғылды», - желегі делінген хабарламада.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 3 ақпан күні таңғы сағат 08:20 шамасында болған.

«Yutonq» маркалы автобустың М. есімді жүргізуші Төле би көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатып Н.Тілендиев көшесінің маңында ара қашықтықты сақтамаудың салдарынан «Geely» жеңіл көлігіне соғылды. Соққының әсерінен «Geely» автокөлігі инерциямен «ЛИАЗ» маркалы автобусқа барып соғылды», - деді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Осы жол-көлік апаты салдарынан «Gelly» көлігінде отырған 31 жастағы жолаушы жарақат алып, Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасына тексерілуге жеткізілді.

Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізуде.