Алматыда 20 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 20 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлауынша, оның Жамбыл облысындағы бірқатар ауыр қылмыстарға қатысы болған.
43 жастағы ер адам 1993-98 жылдары Жамбыл облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі бола отырып, тонаушылықпен айналысып, адам өлтірген.
Қазір оған қатысты ҚР ҚК 99-бабы, 268-бабы (ескі ред.) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.