Алматыда 2000 жылдан кейін салынған ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматыда 2000 жылдан кейін салынған қала нысандарына жаңа сейсмикалық аудит жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Аталған жұмысты биылғы шілде айында бастаймыз және келесі жылы аяқтаймыз. 16 мың 700-ден астам нысан зерттеледі, оның ішінде 1 641-і – көппәтерлі тұрғын үй, 15 060-ы – азаматтық және қоғамдық ғимараттар. Биыл біз әлеуметтік нысандарды сейсмикалық күшейтуді жалғастырып жатырмыз, 20 млрд теңгеге 16 нысан нығайтылады. Қазір 34 нысанды сейсмикалық нығайтуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатырмыз, оны 2024-2025 жылдары жүргіземіз», - деді Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қала басшысының пікірінше, жаңа сейсмоаудит Алматы қаласы объектілерінің паспорттарын оның соңғы 5 жылдағы дамуын ескере отырып, жаңартуға мүмкіндік береді.

«Алдыңғы сейсмоаудит 2017-2018 жылдары жүргізілген. Сол кезде Алматыда 27 тектоникалық жарықшақ анықталған еді. Бүгінде оларда 1 116 нысан орналасқан, оның ішінде 754 сейсмикалық төзімді ғимарат бар және 362 нысанға қауіп төніп тұр», - деді әкім.


Соңғы жаңалықтар