Алматыда 2014 жылы 1 мың мұғалімнің жалақысына үстеме қосылады - қала әкімі

Қала әкімінің құрмет грамотасын иеленгендер арасында №1, 62 бөбекжайлардың меңгерушілері Светлана Исаева мен Гүлназым Қиялбекова, №143, 170 мектептің директоры Гүлсара Баедилова мен Раушан Құжамбетова, №4 А. Пушкин атындағы гимназия директоры Бақытбек Қалжанов, Алматы құрылыс және менеджмент колледжінің директоры Жантілеу Әзісханов, №1 есту мүкістігі бар балардың арнайы мектеп-интернатының директоры Александра Днишева, №119 мектеп директорының орынбасары Бакаш Ноканова, №190 лицейдің география пәнінің мұғалімі Светлана Гордееева, №140 мектеп-гимназияның ағылшын тілі мұғалімі Айгүл Ертуғанова бар.
«Біз бұған дейін мұғалімдердің тамыз мәслихаты кезінде ең креативті, үздік 1 000 мұғалімге үстеме тағайындаған едік. Бұл үшін келесі жылдың бюджетінде 650 миллион теңге қарастырылып отыр. Үстемені әр мектепке шаққанда 5-6 мұғалімнен келеді екен», - деді шаһар басшысы Ахметжан Есімов.