Алматыда 28 панфиловшылар саябағында мың жарымға жуық шам жағылады

Акцияға ресейлік делегация қатысады. Олар өздерімен бірге Санкт-Петербургтегі Александр-Невский лаврасында (ерлерге арналған ірі монастырь) тұтандырылған шырағдан алып келген.
Ленинград қоршауы кезінде лавра аумағында госпиталь және әскери зират болған. Сондықтан, бұл жер - ресейліктер үшін қасиетті мекен. Ресейдің мотоциклшілері шырағданды Ресейдің көптеген қалалары арқылы алып өткен. Олардың ішінде Волоколамск қаласы да бар. Дәл осы Волоколамск аумағында Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда жасақталған 316-шы атқыштар дивизиясы ерліктің ғаламат үлгілерін көрсеткен болатын.
Мәңгілік алаудың жанына 1418 шырақ жағылады. Ұлы Отан соғысы осынша күнге созылғаны белгілі.
Айта кетелік, Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1,3 млн. адам аттанған болатын. Олардың 600 мыңнан астамы майдан даласында қаза тапты. Ал, 100 мыңға жуық жауынгер хабар-ошарсыз кетті.