Алматыда 4 көлік соқтығысқан жол апаты болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 4 жапондық машина түйіскен жол апаты орын алды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ІІД кезекші баспасөз қызметінен хабарлады.

Әуезов көшесімен оңтүстікке бағыт алған Toyota Rav4 көлігін тізгіндеген бойжеткен рөлді басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Мitsubishi Delica көлігіне соғылды.

Минибус өз кезегінде Mitsubishi Padjeroны сүріп өтіп, ол артында тұрған Toyota Hilux Surf көлігін соққан.

Жол апаты салдарынан Mitsubishi Delicaның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Қалалық ІІД ақпаратына сәйкес өткен тәулікте қалада 13 жол апаты орын алып, 15 адам жапа шеккен.

Соңғы жаңалықтар