14:36, 03 Қаңтар 2019 | GMT +6
Алматыда 4 полиция қызметкері қамауға алынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 4 полиция қызметкері пара алды деген күдікпен тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Полицияның арнайы күзет қызметкерлері Дзигалюк, Нысанбаев, Орынбаев, Арашевтерге қатысты ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлімінің, 1-2-3-4 тармақтары (Ұйымдаса отырып, қоқан-лоқы көрсету арқылы аса ірі көлемде пара алу) бойынша айып тағылып отыр. Тергеу соты оларға қатысты 2 айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қабылдады. Сот қаулысы 29 желтоқсанда шықты», - деді соттың баспасөз қызметінен.