Алматыда 4 жасар бала ойыншықтан зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық дәрігерлер аналарды балаға мұқият қарауға шақырды. Себебі, соңғы кездері сәбилер арасында мұрынына түйме, батарейка сынды ұсақ-түйек заттарды салып, арты қауіпті жағдайға апарып жатқан жайттар көбейіп кеткен, деп жазады КТК.
None
None

Мәселен, мына 4 жасар Әнуар есімді балақайдың мұрынында ойыншықтың кішкентай батарейкасы бір ай бойы тұрған. Ақ халаттылар оны кейін алып тастағанымен, батарейкадан бөлінген қышқыл, сәбидің танауын тесіп жіберіпті. «Енді оны қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес, сол үшін баланың тыныс алуы нашарлап, басы ауыратын болады», - дейді дәрігерлер. Бұдан бөлек, 5 ай ішінде осы сияқты жағдаймен 2 мыңдай бала ауруханаға түскен. Олар түрлі ұсақ заттарды құлағына, аузына, мұрынына салыпты.

Соңғы жаңалықтар