Алматыда 40 жыл бұрын салынған ғимарат жаңа кейіпке енеді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 40 жыл бұрын салынып, 10 жылдан бері апатты жағдайда тұрған ғимарат жаңа кейіпке енетін болды.

Пушкин 118/16 мекенжайында орналасқан Саяси ағарту ғимараты Алматының жаңа көрнекті орнына айналмақ. 

Айта кету керек, ғимарат 1977 жылы салынған. Қазір нысандағы барлық қабаттағы тіреу бағандары бұзылған, кәріз және су жүйесі ажыратылған.

Қазақ ұлттық сәулет және құрылыс ғылыми зерттеу институтының жүргізген сараптамасы бойынша, ғимараттың басты тірек конструкциялары жер сілкінісіне төтеп беруге қауқарсыз.

Өз кезегінде нысанның жаңа қожайыны «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС тарихи нысанның сыртқы келбетін заманауи сәулеттік талапқа сай өзгертеміз деді.

Құрманғазы көшесіне шығатын жағында 14 метрлік консоль салынбақ. Ал ғимараттың астында 325 автокөлікке арналған автотұрақ салынады.

Сондай-ақ, ғимараттың ішіне мүмкіндігі шектеулі адамдар оңай кіретін болады. 10 градус көлбеуде пандустар салынады.

Астыңғы қабатта қоғамдық орындар, асхана, спорт кешені, ресепшн, жоғарғы қабаттарында кеңселер орналасады.

null null null null null null null null  

 

Соңғы жаңалықтар