Алматыда 428 км қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 428 км қашықтықта, Қырғызстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда 428 км қашықтықта жер сілкінді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі 27 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 04:11-де жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 428 км қашықтықта Қырығызстан аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық класы 9.8.

Магнитудасы 4.6. MPV.

Эпицентрінің бағыты 40.88° с.е. 72.78° ш.б. жатыр.

Тереңдігі 5 км.

Сезілуі туралы ақпарат жоқ.