Алматыда 5 мыңнан астам адам қоршаған ортаны ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл басынан бері 5 мыңнан астам қоршаған ортаны ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматыда 5 мыңнан астам адам қоршаған ортаны ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жол-патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің басты міндеті - қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыспен күрес және оның алдын алу.

«Дегенмен, жол-патрульдік полиция қызметкерлері қызмет барысында қоршаған ортаны ластау және қаланы абаттандыру ережелерінің бұзылуына да жол бермейді. Алматыда жыл басынан бері қоқысты белгіленбеген жерге тастағандары үшін 2 839 адам және көлік жүретін жолды ластаған 2 484 автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілкке тартылды. Сондықтан, қоғамның әрбір мүшесі жауапкершілікті сезініп, экологиялық және санитарлық нормаларды сақтауы тиіс», - деді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.