Алматыда 5 мыңнан астам адам травматикалық және газ қаруын мемлекетке өткізуге өтініш білдірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін қалалық ІІД баспасөз қызметі қару-жарақты ерікті түрде өткізу акциясының аралық қорытындысын жариялады.
None
None

5 мың 102 алматылық травматикалық және газ қаруын мемлекетке өткізуге өтініш білдірді. Оның ішінде 4 562 адамның өтінішін қанағаттандыру туралы шешім шығарылды.

Мемлекет тұрғындардан қаруды 251 миллион 155 мың теңгеге сатып алмақ. Бүгінде қалалық полиция үйлерді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қаруды ерікті түрде қайтарудан бас тартқан адамдар кейін ҚР ҚК 287 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Қаруды сатып алу 2016 жылдың 16 ақпанына дейін жалғасады.

Құқық қорғау органы өкілдері қаруды тіркеуде заңбұзушылыққа жол берген тұрғындардың барын анықтады. 322 тұрғынға 1 млн 596 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар