Алматыда 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады - А. Есімов

None
None
АЛМАТЫ. 2 шілде. ҚазАқпарат - Алдағы жылдарда Алматыда 5 мыңнан астам жұмыс орын құрылады. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов ҚР индустриялдық форум аясында «Алматыда жасалған» атты жәрмеңкеде айтты,

 деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Оған 70-ке жуық кәсіпорын қатысып, өз өнімдерін қойды. Бизнесмендер қала басшысы Ахметжан Есімовке түрлі саладағы өнімдерін таныстырды. Өз кезегінде әкім кәсіпкерлерді Индустрияландыру күнімен құттықтап, Алматы өнеркәсібінің қала экономикасында үлес салмағының жоғары екендігін атап өтті.

Қазіргі кезде қалада 3700 түрлі кәсіпорын бар. Өткен жылы олардың қатары 20%-ға өсті.Үстіміздегі жылдың бес айы ішінде кәсіпорындар өсімі 15% құрады Өнімділігі жоғары жұмыс орындары құрылуда. Алматының Индустриалияландыру картасы қала кәсіпорындарының өсуіне ықпал етуде

«Алматы қаласы Үкімет жасаған және бекіткен индустриализация Картасы бағдарламасын жүзеге асыруда республикада жетекші болып табылады. 2010 жылдан бастап біздің қалада жалпы құны 228 млрд. теңге болатын бағдарламалар жүзеге асты. 2014 жылға дейін жалпы құны 303 млрд. теңге болатын тағы да 8 жоба жүзеге асырылмақшы. Осы уақыт ішінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны  құрылады», - деп атап өтті әкім.

Ахметжан Есімов Алатау ауданында жалпы көлемі 490 гектар болатын индустриялық аймақтың құрылуы өндірістің дамуына тың қуат беретіндігін айтты. Кәсіпкерлер қазірдің өзінде оған қызығушылық танытуда.

Қала кәсіпорындарының дамуына «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнеркәсіп - 2020» атты мемлекеттік бағдарламалар да оң ықпалын тигізуде. Алматы әкімдігі жыл сайын «Мемлекеттік тапсырыс» акциясын өткізіп келеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram