Алматыда 60-тағы ер адамды соғып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Адматыда 60-тағы кісіні қағып, ізін суытқан жүргізуші іздестіріліп жатыр. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Жол апаты түнде Алатау ауданында болған.
Жанқожа батыр көшесімен шығысқа бағыт алған көлік тыйым салынған жерден өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен.
Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Ер адам сол жерде ажал құшқан.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Сот медицициналық сараптама тағайындалды.
Полиция жол апатына куə болған адамдар болса 254-45-05, 254-47-80, 87018884882, 87078377813, 87075558994, 87772801555 телефондарына хабарласуларын сұрайды.