Алматыда 623 үлескерге пәтер кілттері тапсырылды

; АЛМАТЫ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов «Сайран» мега ауданындағы «2-квартал» тұрғын-үй кешендерінің 623 үлескеріне пәтер кілттерін тапсырды.
None
None

588 пәтерлі бұл кешеннің құрылысы биылғы жылы желтоқсан айының басында аяқталған болатын. Құрылысты "Глобал Билдинг Контракт" ЖШС жобалау ұйымы жүргізді.

"Ауқымды жұмыстардың арқасында бүгін 623 үлескердің мәселесі шешіліп отыр. Биыл Үкімет қаладағы құрылысқа жалпы 106 млрд. теңге бөлген болатын, оның 54 млрд. теңге сомасы осы «Сайран» мега ауданындағы бұл құрылыстың аяқталуына жұмсалды. Әкімшілік өз тарапынан 20 миллиардқа жұмыстар жасады, атап айтқанда бұл қаражатқа - 5 шақырым жылу, 26 шақырым су жүйесі, 46 шақырым кәріздік жүйе және 50 шақырым электр қуаты тартылды. Осыдан үш жыл бұрын үйсіз қалған 1 604 Қуат үлескерлерінің 981-і үйлі болған еді, енді міне қалған 623 үлескеріне пәтер берілді. Бүгін сонымен "Қуат" деген корпорацияның мәселесі аяқталды, оның үлескерлері толығымен үйлі болды",-деп атап өтті Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов.

2007 жылы Алматы қаласында 16 201 үлескер болса, қазіргі уақытта оның 14 115-нің мәселесі шешілді. Естеріңізге сала кетсек, 2007 жылы - 588 үлескердің, 2008 жылы - 3 105 үлескердің, ал, 2009 жылы 4 306 үлескердің мәселесі шешілсе, 2010 жылы 4 832 үлескердің мәселесі шешіліп, үйлі болған еді.

Бекітілген жоспар бойынша биылғы жылдың соңына дейін әлі 947 үлескерге пәтер кілттері табысталады деп жоспарлануда. Ал, қалған 1 139 үлескерлерге бірқатар объективті заңдық себептерге байланысты пәтер кілттері 2012 жылы беріледі деп көзделуде. Осылайша, келесі жылы бұйыртса Алматы қаласында үлескерлердің мәселесіне нүкте қойылмақ.

Соңғы жаңалықтар