Алматыда 65 мыңнан астам бала тегін секция мен үйірмеге барады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 65 739 бала тегін секция және үйірмемен қамтылды. Бұл туралы damubala.kz порталын әзірлеуші QazTiqet компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігі 2023 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін 65 739 ваучерге есептелген 16,2 млрд теңге бөлді, оның 30 495 - спорт секциясына, 35 244 - шығармашылық үйірмелерге арналған. Бұл елдегі қалалар мен облыстар арасында балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруына бөлінген бюджет қаржысының ең көп бөлігі. Мысалы, Астана қаласында 6,5 млрд теңге, Шымкент қаласында 5,7 млрд теңге, Қызылорда облысында 4,3 млрд теңге.

Ата-аналардың деректерін электрондық цифрлық қолтаңба («Электрондық құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 12) тармақшасы) арқылы растауға, сонымен қатар, мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялауға байланысты DamuBala жаңа платформасына көшу кезінде 22 781 орын босады.

Осылайша, өткен жылдан бері белсенді ваучерлер саны 42 958, босаған ваучерлер саны 22 781, берілетін ваучерлердің жалпы саны 65 739 жетті.

ҚРМәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №120 және 122 бұйрығымен бекітілген балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, осы жылдың 3 және 10 мамырында босатылған 22 781 орынды бөлу мақсатында балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық DamuВala онлайн платформасына кезекке тіркеу аяқталды. Соның нәтижесінде 55 889 өтінімнің кезегі түзілді, қазірдің өзінде белсенді 42 958 ваучер бар.

12 мамырда 22 781 тегін ваучер беру рәсімі басталды. «Мәдениет туралы» ҚР заңының 8-бабының 14-4) тармақшасына және «Дене шынықтыру туралы» ҚР заңының 8-бабының 20-7) тармақшасына сәйкес, ваучерлер бекітілген қаржыландыру көлемі шегінде беріледі.

Ваучер берілген соң кезектегі үміткерлердің саны 33 108 болатындықтан, бұл мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №120 және 122 бұйрығымен бекітілген балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларының 3-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, 13 мамыр күні, сағат 00:00-де бюджетте көзделген қаражат көлемінен едәуір асып түседі, DamuBala онлайн платформасында кезекке қою аяқталды.

Алдағы уақытта кезекте тұрғандар арасында шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына орын бөлу орын босаған сайын жалғасады. Бұл туралы уақытылы хабарланады.

Анықтама үшін ақпарат: мына себептерге байланысты орындар босатылады: басқа қалаға көшу, баланы үйірмеден немесе секциядан шығару, ваучерден бас тарту, баланың ауыруына байланысты қатыспауы және тағы басқалары.

Айта кетейік, ваучерді алған ата-аналар ол іске қосылғанша балалары секцияға немесе үйірмеге 10 күн ішінде екі рет тегін баруға құқылы.

Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, осы 10 күн ішінде үйірме басшыларымен қызмет көрсету туралы шартқа қол қойып, ваучерді іске қосу үшін құжаттарды толық ұсынуыңыз қажет.

Оған мына құжаттар жатады:

1) еркін үлгіде спорт секциясына/шығармашылық үйірмеге қабылдануға өтініш;

2) баланың суреті;

3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

4) 027/у үлгідегі медициналық анықтама;

5) баланың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.


Соңғы жаңалықтар